Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Блефаропластика ма?»: Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасағанын мойындады

AstanaTV
12.07.2023ж. 11:08
1063
«Блефаропластика ма?»: Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасағанын мойындады

Ол бұл эстетикалық ота емес екенін айтады.

Желі қолданушыларының ақынның көзінің тым үлкейіп кеткенін аңғарып, әлеуметтік желідегі видеоларына пікірлер жаза бастаған, деп хабалайды Azattyq Ruhy.

Алайда ол қабағына әдемілік үшін ота жасатпағанын мәлімдеді

 «Біраз оқырманым «Қабақ жасаттыңыз ба? Блефаропластика ма?» деп сұрап жатыр. Жоқ көзімнің жарығына (грыжасына) ота жасаттым. Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр. Қабақ тарту немесе басқа да эстетикалық ота емес. Уақыт өте келе көздің көруіне әсер ететін дүние. Әр нәрсенің алдын алған дұрыс деп ойлаймын», – деді Мұхамеджан Тазабек.