Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Жылыту маусымына дайындық кезінде министрлер еңбек демалысына кете ме?

AstanaTV
12.07.2023ж. 15:49
657
Жылыту маусымына дайындық кезінде министрлер еңбек демалысына кете ме?

Ұлттық экономика министрлері Әлібек Қуантыров пен Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев әзірше демалысқа шықпайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер "Президенттің жылу беру маусымына тыңғылықты дайындық қажет деген сөздері мен Астана әкімдігінің басшылығына жазғы демалысты "зымиян әрекет" деп қабылдайтыны туралы мәлімдемесі аясында министрлер демалысқа шыға ма?" деп сұрады.

"Биыл демалысқа шығуды жоспарлап отырған жоқпын. Былтыр да шыққан жоқпын",-деді Әлібек Қуантыров.

Алмасадам Сәтқалиев те әлі демалысқа шықпайды.

"Мен де әлі демалысқа шықпайтын шығармын. Осыған сәйкес қандай да бір кестені үкімет бекітеді",-деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар Энергетика министрлігі ведомство басшысы еліміздің барлық проблемалық жылу электр стансаларына, соның ішінде Екібастұз бен Риддер қалаларына жеке өзі бармайынша, осы өңірлердің тұрғындарымен кездеспейінше демалысқа шықпайтынын қосты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жазда демалысқа шығады. Оның жұмыс кестесі премьер-министрмен келісілген.

"Жазда. Бірақ мұны дұрыс қабылдауыңызды сұраймын. Бұл (президенттің еңбек демалысы туралы мәлімдемесі айтылған жиын. – ред.) Астана қаласын дамытуға және білуімше Астана әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты айтылды. Өкінішке қарай, мен кеңеске қатыспадым, іссапарда болдым. Жылу маусымына қарай орталық мемлекеттік орган, атап айтқанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындыққа қажет жұмыстың барлығын жасады", - деді Марат Қарабаев.