Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Атырауда жүк пойызы мен автобус соқтығысты

AstanaTV
12.07.2023ж. 17:42
720
Атырауда жүк пойызы мен автобус соқтығысты

Атырауда жүк пойызы мен қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше, 11 шілдеде болған жол-көлік оқиғасын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Атырау қаласындағы Рауан көшесінде сағат 14:00 шамасында жүк пойызы мен жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобустың темір жол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жарақат алған.


Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлікте болған екі адамға медициналық көмек көрсеткен.

Зардап шеккендер облыстық аурухананың травматология пунктіне жеткізілген.