$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Рудныйда 8 жасар бала ағаштан құлап, ауыр жарақат алды

AstanaTV
12.07.2023ж. 23:16
710
Рудныйда 8 жасар бала ағаштан құлап, ауыр жарақат алды

Рудныйда ағаштан құлап, басынан ауыр жарақат алған 8 жасар бала жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Бұл туралы Рудный қалалық көпсалалы ауруханасы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні кешке Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне 2015 жылы туған бала түскен. Ол ағаштан құлап, басынан ауыр жарақат алған.

"Оған ашық бассүйек-ми зақымы, бас сүйегінің сынуы, ауыр дәрежедегі ми зақымы диагнозы қойылды. Қазір бала жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", – делінген хабарламада.

Аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 шілде сағат 15:00-дегі жағдай бойынша баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

"Қазіргі уақытта бала санитарлық авиация желісі арқылы Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі", – дейді Рудный қалалық көпсалалы аурухана мамандары.

Дәрігерлер жаз мезгілі балалардың жарақат алу жағдайының көбейетінін еске салды. Сондықтан мамандар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауды, олармен аулада, ойын алаңында, жолдарда қауіпсіздік сақтауға қатысты профилактикалық әңгімелер жүргізуге шақырды.