Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Жапонияда нөсер жауыннан жеті адам қаза тапты

AstanaTV
13.07.2023ж. 09:23
533
Жапонияда нөсер жауыннан жеті адам қаза тапты

Жапонияның оңтүстік-батысындағы толассыз жауған нөсер жаңбырдан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Kyodo агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Кюсю аймағының кейбір аудандарында нөсер жаңбыр тоқтамай тұр. Салдарынан өзендер арнасынан тасып, сел жүрген. Су құбырлары мен кәріздердің жұмысына кедергі келген. Сонымен қатар жол қатынасы да қиындай түскен. Полиция мен өрт сөндірушілер қиындықтарға қарамастан із-түзсіз жоғалғандарды іздеуде.

79 жастағы ер адам Карацу өзенінің сағасында өлі күйінде табылды. Сонымен қатар құтқарушылар 70 жастағы әйелдің денесін анықтады.

50 жастағы тағы бір ер адам табылмай жатыр.