$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үкіметте МАЭК пен АМӨЗ-дегі апат себептерін тексерудің алдын ала қорытындылары қаралды

13.07.2023ж. 20:00
1050
Үкіметте МАЭК пен АМӨЗ-дегі апат себептерін тексерудің алдын ала қорытындылары қаралды

Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өңірлік стансаларда, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында апат қаупі жоғары екендігі анықталды. Станса жабдықтарының әбден тозығы жеткен. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында айтылды. Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы Маңғыстау және Атырау облыстарына барды. Нәтижесінде болған оқиғалар тізбегі толығымен қалпына келтірілген. Осы ретте алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау үшін бірқатар жүйелі проблемаларды шешу жоспары әзірленді.