$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбылда Кенен ауылында су жоқ

13.07.2023ж. 20:00
1060
Жамбылда Кенен ауылында су жоқ

Жамбылда Кенен ауылында су жоқ. Қолына салдыратып бос шелек пен бос ыдыс аяқ ұстаған тұрғындар ашулы. Бұған олар жергілікті билікті кінәлайды. Себебі, елдімекенге ауыз су тартуға түрлі мемлекеттік бағдарламамен бірнеше мәрте ақша бөлініп құбыр жүргізілген. Әкімдіктің есебі бойынша да бұл ауыл суы барлар тізімінде тұрған көрінеді.

Ақжолтай БЕКТҰРСЫНОВА, КЕНЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ылғи осы ауылға ақша бөлініп жатыр. Сол ақша қайда кетіп жатыр? Кім оны тексеріп жатыр? Кім реттеп жатыр? Қашанғы халық сусыз отырады?

Думан ТОҚТАРОВ, КЕНЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бәрі фляк, шелекпен тасиды да жүреді. Үш жыл бұрын салды мына құбырды. Онда су жоқ. Су келгенде жоқ.

Бұл ауылға бір емес бірнеше мәрте ауыз суға ақша бөлінгенін аудан әкімдігі де жоққа шығармайды. Бірақ 500-дей түтін тұратын елдімекен дұрыс есептелмеген сияқты. Осы уақытқа дейін суға деп жұмсалған қаражат құмға сіңіп кеткен. Енді тағы қаржы бөлуді қарастырып жатқан көрінеді.

Бекзат БОЛАТБЕКОВ, ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осы күнге дейін Кене ауылында жер асты сулары зерттелмеген. Зерттелмей бірталай ұңғымалар жасалған. Бірақ жер асты суы тартылып судың мөлшері жоқ. Халық ауыз суды Кененнің жоғары жағындағы Сулы сайдың бұлағынан ішіп отыр. 3,5 шақырым жерде. Енді жоба бойынша жаңа технология шығып жатыр ауылдың басына 1000 кубтық тоспа саламыз.