$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысында ер адам баланы құқарып, өзі суға батып кетті

AstanaTV
14.07.2023ж. 09:45
971
Ақмола облысында ер адам баланы құқарып, өзі суға батып кетті

Ақмола облысында баланы құтқармақ болған ер адам суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Щучьеде көлге батып бара жатқан баланы құтқарған 1958 жылы туған ер адам қаза тапты. Баланы құтқарғанымен, ер адамның өзі көз жұмды.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамды жағаға шығарды. Жедел жәрдем келгенше жүрекке массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке орай, ер адамды құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар аудан тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.