Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызылордалық азаматтан 41 түп сора өсімдігі тәркіленді

AstanaTV
14.07.2023ж. 13:47
1070
Қызылордалық азаматтан 41 түп сора өсімдігі тәркіленді

«Қарасора - 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қармақшы ауданында өз үйінің ауласында сора өсімдігін өсірген Жосалы кентінің тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үй ауласынан 41 түп сора өсімдігі, 2 литр банкіге салынған өзіне тән ерекше иісі бар шөп және пластмас қорабына салынған кептірілген сора өсімдігіне ұқсас жапырақтары заттай дәлелдеме ретінде алынды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 33 кг 747 гр сора өсімдігіне жататындығын бекіткен», - деп мәлімдеді ІІМ.

Күдікті азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.