$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Балаңды аясаң аяма": Ләйлә Сұлтанқызы балалардың ерте жастан еңбекке араласуына қатысты пікір білдірді

AstanaTV
14.07.2023ж. 17:04
6116
"Балаңды аясаң аяма": Ләйлә Сұлтанқызы балалардың ерте жастан еңбекке араласуына қатысты пікір білдірді

Танымал отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы балалардың мектеп жасынан бастап еңбекке араласуының қаншалықты дұрыс екенін айтты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Аясаң аяма… Ертеректе біз еңбекке ерте араластық қой, дегенмен қазір өз баламызға келгенде жанымыз ашып, аяп тұратынымыз өтірік емес. Бірақ, соңғы кездері қайда барсам да (дүкен, дәмхана, заправка, базар,парк…), жұмыс істеп жүрген мектеп оқушыларын жиі көремін. Әсіресе биыл көп байқадым”, – деп жазды тележүргізуші.

Ол әлеуметтік желіде оқырман арасында сауалнама жүргізіп, көпшілікті осыған қатысты ойын сұраған.

“Стористе жүргізген опросымда ересектердің 50%-ы жеткіншектердің жұмыс істеуін “құптаймын” десе, жастардың басым көпшілігі “керек-жарағымды алу үшін жұмыс істеймін” деп жауап беріпті.
Қазақ ертеден баласын “аясаң аяма” деп өсірген халық қой. Еңбек кодексінің 31-ші бабында айтылғандай 16-дан асқандарға жұмыс істеуге рұқсат оның үстіне. Меніңше, осындай этаптан өткен әр бала, дисциплина, коммуникация жауапкершілікке үйреніп, ортаға тез сіңіп, әмбебап, икемді болып, тәуір шыңдалып шығады. Ондайға бейімделген жан өмірде ұтпаса ұтылмасы анық”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары да балаларды ерте жастан еңбекке араласуын қолдап, жазба астына өз пікірін қалдырды.

“Дұрыс, еңбекпен тапқаны тәтті болады”, “Мұны тәрбие деп санаймын”, “Баланың ортада пісуіне, үйренісіп, қатаюына, бейімделуіне жақсы”, – деп жазды желідегілер.