Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

17 шілдеде «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдаудың төртінші легі басталады

AstanaTV
15.07.2023ж. 07:32
1916
17 шілдеде «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдаудың төртінші легі басталады

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс. Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

-квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

-өз бетінше түскендер санаты бойынша 9.0-ден кемінде 6.0.

-тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.