Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Сарыағашта 5 жасар қыздың өлімі: Салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды

AstanaTV
15.07.2023ж. 10:27
2338
Сарыағашта 5 жасар қыздың өлімі: Салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланы азаптап өлтіру оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

«13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлтіру белгілері бар жас қыздың мәйіті табылды. Сол күні полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотты болған аудан тұрғынын ұсталды және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен болған оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады», - делінген ведомство ақпаратында.

Прокуратура ұсынған мәлметке сай, күдікті 2006 жылы 10 жылға сотталған.

Ал биыл мамырда ішімдік ішіп, жанжал кезінде ауылдасын балтамен ұрғаны үшін 3 жылға бас бостандығы шектелген.

«Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық түсірді. Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленуде», - деп жазылған ведомствоның сайтында жарияланған хабарламада.