Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Каспийге ер адам батып кетті

AstanaTV
15.07.2023ж. 18:17
3088
Каспийге ер адам батып кетті

Қайғылы оқиға 7А шағынауданында болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz-ке сілтеме жасап.

14 шілдеде Ақтаудың 7А шағынауданында жағалауда 23 жастағы ер адам батып кетті. Сағат 14:26-да «102» кезекші пульті оқиға туралы хабар түсті.

«Аталған факті қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу бірегей тіркеліміне 001 бабы бойынша («Адам өлімі») тіркелді. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде таратылмайды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.