$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды

AstanaTV
17.07.2023ж. 09:44
1851
Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдауды ескере отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді:

дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес),

эластикалық бинттер,

таңғыш пакет,

медициналық бұласыр,

доғал темір қайшы,

өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,

таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі,

бір реттік мұз пакеті,

ысқырық, шам,

дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр,

блокнот,

қарындаш,

дымқыл майлықтар (антисептикалық),

қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.

Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.