$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда күдіктіні мойындату үшін күш қолданған бес полицейдің үстінен іс қозғалды

AstanaTV
17.07.2023ж. 21:26
2275
Атырауда күдіктіні мойындату үшін күш қолданған бес полицейдің үстінен іс қозғалды

Атырауда бес полицей күдіктіні мойындату үшін оны азаптады деп айыпталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

21 маусымда Атырау облысының прокуратурасы азаптады деп айыпталған Атырау қаласы полиция басқармасының бес жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады", – делінген хабарламада.

Оларға ҚК 146-бабы 2-тармағы “Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас, азаптау” бойынша іс қозғалды.

Ақпанда құқық қорғау органдары азамат Р.-ны мойындату үшін рұқсат етілмеген әдістерді қолданып, физикалық және психикалық азап шеккізгені анықталды.

Қазақстанда қаңтар айынан бастап азаптауға байланысты қылмыстарды тек прокуратура органдары тексереді.