Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Атырау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

17.07.2023ж. 20:00
1406
Атырау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Атырау облысында жол апаты 7 адамның өмірін жалмады. Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82- шақырымы тұсында шетелдік маркалы қос автокөлік соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен ондағы 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Полицейлер аталған автокөлік жүргізушілерінің бұған дейін бірнеше рет көлік жылдамдығын арттырып, жауапкершілікке тартылғанын айтып отыр.

Дина МАҚСОТОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ағидаларын бұзу, абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан іс-әрекеті бойынша» сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сараптама тағайындалды.

Дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген екі жолаушының біріне ота жасалған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы - ауыр. Екіншісі облыстық ауруханаға ауыстырылуда.