$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шудағы жүк пойызы апаты: вагон күзетшісі ауруханаға жеткізілген

AstanaTV
18.07.2023ж. 08:23
1075
Шудағы жүк пойызы апаты: вагон күзетшісі ауруханаға жеткізілген

Жамбыл облысы Шу ауданындағы 2 электровоз бен тепловоз және 4 вагон аударылған апаттан кейін шойын жолдағы қозғалыс қалпына келе бастаған. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, 13 бағыт бойынша кідірген пойыздар біртіндеп жүріп жатыр. Десе де, Жамбыл облысы станцияларында әлі де абыр-сабыр тоқтамаған.

Мәселен Тараз вокзалында өз бағытын күткен 100-ге жуық адам, сондай-ақ Шу мен Луговой вокзалында да пойыз тосқан жолаушылар бар. Жергілікті билік жолда қалғандарға су таратып, ТЖМ өкілдері тарапынан "жедел желі" іске қосылған. Ал теміржол тарапы жолынан жолаущшыларға әр сағат үшін билет құнынан 3 пайыз өтемақы төлеп бермек.

Телеарна дерегінше, Аспара станциясындағы апат түнгі сағат 02:00-лер шамасында болды. "Тараз-Шу" бағытындағы жүк пойызы рельстен шығып, 2 электровоз бен тепловоз және 4 вагон аударылып қалған. Жарақат алған вагон күзетшісі, ауруханаға жеткізілдіп ем қабылдауда. Апаттан 50 метр темір жол бүлініп, бірнеше электр бағаны зақымданған.

"Электр желілері үзіліп, соған нелері болмай тепловозбен алып келіп, Луговойдан локомотивтерді ауыстырып жатырмыз. Шамамен 18:00-ге дейін қалған үш пойыздың барлығын өткізіп, бір тәуліктің көлемінде бұрынғы бекітілген өз кестесі бойынша жүретін болады", - деді вокзал басшысы Дидар Мүсретәлиев.