Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Анасы хабардар болған": Түркістан облысында 14 жасар қыз өгей әкесі оны үш жыл бойы зорлап келгенін айтты

AstanaTV
18.07.2023ж. 08:31
804
"Анасы хабардар болған": Түркістан облысында 14 жасар қыз өгей әкесі оны үш жыл бойы зорлап келгенін айтты

Түркістан облысында 14 жасар қыз өгей әкесі оны үш жыл бойы зорлап, интимдік суреттермен бопсалап келгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірімнің айтуынша, бірінші рет осындай жағдай орын алған кезде ол небәрі 11 жаста болған. Осыдан кейін 49 жастағы күдікті оған бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсетіп, интимдік сипаттағы фотосурет пен бейнежазбалармен қорқытқан.

“Егер оған қарсылассам, онда бәрін интернетке салып жіберемін деп қорқытты. Ол менің сіңлілеріме де қол тигізгенін, оларға көз салғанын айтты”, – деді жәбірленуші.

Мұндай жағдай қайталанғаннан кейін жасөспірім шетелде жұмыс істейтін әкесіне қоңырау шалды. Жақындары қызды алып кетті, содан кейін ол үш жыл бойы көрген қорлығын айтып берген. Жасөспірімнің туыстары туған анасы мұның бәрін білді дейді. Бірақ ол полицияға арыз жазудан бас тартты.

“Аптасына үш рет бойы қорлаған, не сұмдық! 12 жастағы балаға тиіскен, бұл құбыжық, бұл адам емес, педофил! Қыздың өзі анасының хабардар екенін айтты, үш жыл бойы анасы үндемеген”, – деді қыздың тәтесі Саёора Әлімбекова.

Үйде тағы төрт бала бар екен, олардың үшеуі – қыз.

49 жастағы ер адам ұсталды. Полиция тергеу жүргізуде.

“Аталған факті бойынша полицейлер ҚК-нің 120-бабы "Зорлау" бойынша тергеу жүргізуде. Күдікті ретінде Төлейбі ауданының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық ПД аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Ақерке Шалхарова.

Қыздың туыстары ер адам ауыр жазаға тартылады деп үміттенеді. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол он бес жылдан он жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.