Әлеуметтік желіге жаңа видео жүктеген Гүлназ Жоланованы көпшілік аяғы ауыр деп болжауда. Актриса осы жылдың ақпанында тұрмысқа шыққан болатын,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса Instagram желісіне жаңа видео жүктеген.
"Өмірімнің бұл бөлігі - тыныштық деп аталады", - деп жазды Гүлназ Жоланова.
Ал желі қолданушылары өнер иесінің бұл видеосын қызу талқыға салып, актрисаны аяғы ауыр деп болжады.
"Гүлназ, аяғыңыз ауыр ма?", "Мен өткен жолы солай ойлап едім. Лайым солай болсын", "Сізді саябақтан көрдім. Жүктілігіңіз әдемі жарасады", "Бақытты бол, қызым", "Аяғыңыз ауыр ғой, мұрныңыз үлкейіпті", "Жүкті болған жарасады", - деп жазды желідегілер.