Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Алланың сынағы": Өмірқұл Айниязовтың жалғыз ұлы той алдында жол апатына ұшырады

AstanaTV
18.07.2023ж. 17:19
2281
"Алланың сынағы": Өмірқұл Айниязовтың жалғыз ұлы той алдында жол апатына ұшырады


Отандық әнші Өмірқұл Айниязовтың ұлы жол апатына ұшырады. Өнер иесі ұлының биыл тамыз айында үйленгелі жатқанын айтқан еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлының қазіргі жағдайы жайлы Өмірқұл Айниязов Instagram парақшасында баяндап берді.

"Қазақ "Бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар" деуші еді. Жанымыз бір шығып, кірді-ау, балам! Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда, балам. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, соңын күттік. Шүкір, бәрі жақсы. Ағайын, тойда жолығайық", - деді Өмірқұл Айниязов.

Айта кетейік, осыған дейін отандық бағдарламаның бірінде Өмірқұл Айниязов ұлы Нұртуғанның тамыз айында шаңырақ көтеретінін мәлім еткен еді.