Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Түркістан облысындағы бес жасар қыздың өлімі: Баланың зорланғаны расталды

AstanaTV
18.07.2023ж. 18:51
1434
Түркістан облысындағы бес жасар қыздың өлімі: Баланың зорланғаны расталды

Түркістан облысында кісі қолынан мерт болған бес жасар қыздың зорланғаны расталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны Түркістан облысының соты мәлімдеді. Күдікті мас күйінде көшеге шығып, далада ойнап жүрген Еркежанды көрген. Ол бүлдіршінді үйіне алдап шақырып, оған зорлық қылған. Арам ойын іске асырған соң, әрекетін жасыру үшін қызды өлтірген. Оның кеудесі мен ішіне бірнеше рет пышақ сұққан. Алған жарақаттан бес жасар қыз сол жерде тіл тартпай кетті.

Түркістан облысының соты күдіктінің екі айға қамалғанын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, 13 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бес жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып, сау тамтығы қалмаған күйде денесі көрші үйдің шатырынан табылған еді. Ал бүлдіршіннің өліміне бұған дейін де адам өлтірді деп айыпталып, 10 жыл түрмеде отырып шыққан көршісі күдікке ілінді.