Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Президент Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

AstanaTV
21.10.2016ж. 20:00
2521
Президент Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Бүгін мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ат басын бұрды. Онда Абу-Дабидің тақ мұрагері, Қарулы күштер жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар саясат, сауда-экономика, көлік-транзит, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселелерін талқыланды. Және мемлекетаралық өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың берік достық байланысының кепілі екенін атап өтті. Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің мейлінше өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА