$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысында жол апатынан әйел адам екі қызымен бірге қаза тапты

AstanaTV
19.07.2023ж. 11:57
870
Атырау облысында жол апатынан әйел адам екі қызымен бірге қаза тапты

Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан әйел адам екі кішкентай қызымен бірге қаза тапты.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 18 шілдеде сағат 15:30 шамасында болған.

«Атырау – Индер тасжолының 123 шақырымында Toyota Camry және КаМАЗ жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан Toyota көлігінде болған 3 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған 3 жолаушы анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары – БҚО тұрғындары», - деоінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Полиция кез келген жағдайда жол қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді. Ауа райы жауын-шашын болған жағдайда жылдамдықты шамадан тыс асырмай, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар», - деп ескертеді ПД өкілдері.