$543.24 €619.89 ₽6.78
×

19 жастағы қазақ баласы Қырғызстанда жергілікті спортшыны еш қиындықсыз ұтты

AstanaTV
19.07.2023ж. 13:12
1276
19 жастағы қазақ баласы Қырғызстанда жергілікті спортшыны еш қиындықсыз ұтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нарбол Ахмет кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

19 жастағы отандық спортшы Қырғызстанның Қара-Балта қаласында өткен EFC Global 33 турниріне қатысты. Оның қарсыласы 21 жастағы жергілікті файтер Чынгыз Базарқұлов болды. 57 келіге дейінгі салмақтағы кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда жекпе-жек алғашқы раундта қазақстандық аралас жекпе-жек шеберінің пайдасына аяқталды. Нарбол Ахмет кездесудің басынан-ақ қарсыласын жерге құлатып, соққының астына алған. Осыдан соң төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды. Айта кетейік, EFC Global 33 турнирінде тағы бір отандық файтер Олжас Ерланов қарсыласынан басым түсті. 

Алдыңғы жаңалық