Алматыда ер адамды өз үйінде танысы атып өлтірді. Қаза болған азамат фитнес жаттықтырушы болған көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол досымен жанжалдасып қалған. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алматы қаласының полиция департаменті жедел-тергеу тобын құрып, күдіктілердің жеке басын анықтады. Бүгінде оларды ұстау шаралары жүргізілуде.