Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жас әнші Садраддин су жаңа темір тұлпар тізгіндеді

AstanaTV
20.07.2023ж. 12:58
1665
Жас әнші Садраддин су жаңа темір тұлпар тізгіндеді

Жастар арасында танымал әнші Садраддин Болат қымбат көлік сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әншінің таңдауы Lexus LX 600 маркалы көлігіне түскен.

“Құтты болсын! Шүкір… Бәріңізге рахмет”, – деп жазды Садраддиннің өзі.

Әншінің анасы да қуанышын жасыра алмай, ұлына ақжарма тілегін арнады.

“Тойға мінетін көлік болсын, жұғысты болсын. Жақсы күндерге, жақсы жерлерге осы көлікпен барып, қыдырып жүрейік”, – дейді анасы.

Садраддиннің достары да жомарттық танытып, көрімдігін берді. Жастар арасында NNN деген лақап атпен танымал Нұрдәулет Бексұлтан 100 доллар берсе, Дархан Жолжақсынов досының қолына 101 доллар ұстатты. Сондай-ақ көлікке “әдемі” нөмір сыйға тартты.

Желі қолданушылары жас әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

“Құтты болсын, жарайсың”, “Осындай жаста мұндайға жету мақтаныш”, “Еңбегің жансын”, “Тұлпарың құтты болсын”, “”Жақсылыққа мін”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, әншінің көңілі ауған Lexus LX 600 көлігінің нарықтағы құны 62 млн 740 мың теңгеден басталады.