$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екібастұзда тұрғын үй кезегіндегі 72 адам жаңа пәтер кілтін алды

20.07.2023ж. 20:00
1368
Екібастұзда тұрғын үй кезегіндегі 72 адам жаңа пәтер кілтін алды

Екібастұз қаласында кезекте тұрған 72 адамға жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған. Баспаналы болғандар-көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен ерекше бала тәрбиелеп отырған жанұялар. Гүлсім Баталова -екінші топтағы мүгедек. Ол 2011 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Бүгін екі бөлмелі пәтердің иесі атанды.

Гүлсім БАТАЛОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

14 жыл күттім. Бұл менің бірінші пәтерім, бірінші бақытым. Толық емес отбасымын, екі балам бар. Ұлым екеуміз тұрамыз, қызым тұрмыста. Үлкен рахмет.

Тағы бір бақытты отбасы үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бадахановтар әулетінде екі бала бар, кенжесі ерекше күтімді қажет етеді. Олар да алғашқы баспаналарын 12 жыл күткен.

Айнұр БАДАХАНОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өте бақыттымын. Рахмет. Барлық туыстар келді. Біз бәріміз қуаныштымыз.

Тұрғын үй «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасы аясында салынған. 2025 жылға дейін облыста екі миллион шаршы метрден асатын 15 мың пәтер беру жоспарлануда.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Үлкен, маңызды іс атқарылып, Екібастұз қаласында жаңа шағын аудан бой көтеруде. Жақын арада тағы бір үйдің, яғни 72 пәтердің кілті тұрғындарға табысталады. Және екі кіреберістік 100-ге жуық пәтер қолданысқа берілмек. Екібастұз қаласының экономикалық әлеуеті зор. Жергілікті партия мүшелерінің, міндеті – сайлауалды тапсырмаларды орындауға белсене атсалысу.