Шығыстағы Қатон-Қарағай ауданының тау бөктеріндегі өртті ауыздықтау қиынға соғуда,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Берел орманды аймағы тік жартасты. Қызыл жалын 1700 метр биіктіктегі таулы аумақты жайпап барады. 3 гектар жерде жайқалған жасыл-желек отқа оранды.
Орманшылар мен өрт сөндірушілер құз басына атпен жетіп, амалдауда. «МИ-8» тік ұшағы да су сеуіп жүр.
Жалпы жалынды сөндіруге 160-қа жуық адам жұмылған. 13 техника мен 3 тікұшақ тартылды.