Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағандыда көшеде әйелмен жыныстық қатынасқа түскен ер адам жазаланды

AstanaTV
21.07.2023ж. 13:23
2087
Қарағандыда көшеде әйелмен жыныстық қатынасқа түскен ер адам жазаланды

Қарағандыда куәгерлер жұптың көшеде жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фотода ер адам мен әйел Майқұдықтың төменгі жағындағы шағын саябақта оңаша қалуды ұйғарғанын көруге болады. Тұрғындар жұптың бұл әрекетіне шағымданған. Олар суретті әлеуметтік желіге салып, жағдайға назар аударуды сұрады.

"Төменгі Майқұдықтың ауыр мәселесі. Бұл адамдарды не деп айтарымды білмеймін. Тапа-тал түсте ұятсыз әрекет жасап жатыр. Айқайлап, қусаң да естімейді. Өз ісін жалғастыра береді. Бұл жерде балабақшамыз бар, ауламыз балаға толы. Бұл адамдармен қалай күресуге болады", - делінген жазбада.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде жазбаға қатысты реакция білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, Октябрь полиция басқармасының қызметкерлері заң бұзушыларды анықтады. Ол 36 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны болып шықты.

"Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.