Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

21.07.2023ж. 20:00
866
Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Президент Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Төраға Мемлекет басшысына төменгі палатаның сегізінші шақырылымдағы бірінші сессия аясындағы қызметі туралы мәлімет берді. Жаңа құрам жұмысын бастағаннан бері мәжілісмендердің қарауында болған 82 заң жобасының 20-на депутаттар бастамашылық жасаған. Мәжілістің 6 партиялық фракциядан, сондай-ақ бір мандатты депутаттардан жасақталуы заң шығару жұмысының ашықтығын арттырып, сайлаушылармен кері байланысты күшейтті деді Мәжіліс спикері.