Астанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтті. Жиын барысында ұйымның президенті Берік Әбдіғалиұлы мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты орнына басқа адамды ұсынды. Делегаттар ашық дауыс беру арқылы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті етіп Рауан Кенжеханұлын сайлады. Бұдан өзге, алқалы отырыста қазақ тілі мәртебесі мен оның болашағы туралы сөз қозғалып, ой-пікірлер айтылды.
Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ҚАЗАҚ ТІЛІ" ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл енді бірінші кезекте үлкен жауапкершілік және аманат деп білеміз. Жаңа ағаларымыз көп жақсы мәселелерді айтты. Кейбір мәселелерде ащы да болса да шындық айтылып жатыр. Өйткені тілдің тиісті деңгейде дамуы үшін одан кейін қолданыс аясын кеңейту үшін мемлекеттік тіл дәрежесіне сай болуы үшін әлі де жасалатын шаруа шынында да көп.