Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Билеттің 50 пайызын ғана төлеуге болады": FlyArystan арқылы қандай санаттағы адамдар жеңілдікпен ұша алады

AstanaTV
21.07.2023ж. 16:50
1187
"Билеттің 50 пайызын ғана төлеуге болады": FlyArystan арқылы қандай санаттағы адамдар жеңілдікпен ұша алады

Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жекелеген санаттағы адамдар үшін жеңілдік ұсынып отыр. Бұл туралы әуе компания Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады Massaget.kz. 

"Біз "Көмек" жобасын іске қосудамыз және бұл жоба арқылы халықтың әлеуметтік топтары Қазақстан бойынша рейстерге жеңілдік ала алады", - делінген хабарламада.

Әуе компаниясының мәліметінше, жеңілдік мына санаттағы адамдарға беріледі.

Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне (және оларға теңестірілген тұлғаларға) +1 еріп жүруші адамға – ​​100% жеңілдік;

Мүмкіндігі шектеулі жандар (1 топ) +1 еріп жүруші адамға – 50 пайыз жеңілдік және 20 кг жолжүк (бір жолаушыға).

80 жастан асқан қарт адамдарға – ​​50 пайыз жеңілдік.

Әуе компаниясының өкілдері жеңілдік билетті рәсімдеу кезінде FlyArystan қосымшасы немесе flyarystan.com сайтында көрсетілген бағамен берілетіндігін атап өтті.

Ал салықтар мен әуежай қызметінің ақысы қосымша алынады.

Өтінішті ұшу күніне дейін кемінде 15 жұмыс күні бұрын тиісті құжаттармен беру керек. Өтініштер komek@flyarystan.com поштасы арқылы кезек бойынша қарастырылады.