$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жоғарғы сот Кіші Талдыкөл ісі бойынша үкім шығарды

AstanaTV
22.07.2023ж. 11:41
912
Жоғарғы сот Кіші Талдыкөл ісі бойынша үкім шығарды

Жоғарғы Сот «Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы» қоғамдық бірлестігінің талабы бойынша Кіші Талдыкөл ісін қарады.

Айта кетейік, бұған дейін өткен бірнеше сот процесінде елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талап қойған «Aqiqat» бірлесітігінің арызын ішінара қанағаттандырды.

Атап айтқанда, сот шешімімен Кіші Талдыкөлдің 6, 7 және 9-учаскелеріне құрылыс салуға тыйым салынған.

Дегенмен апелляция кезінде бұл шешім өзгерді.

Яғни, аталған көлдер тобының тек 7-учаскесінде ғана нысан құрылысына шектеу қойылып, 6 және 9 учаскелер үй салуға тыйым салынған жерлер санатынан шығарылды.

Мұнымен келіспеген «Aqiqat» бірлесітігі Жоғарғы сотқа талап қойды.

«Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бір айда іс бойынша көп сағаттық үш отырыс өткізді. Жалпы, процестерге 100-ден астам мүдделі азаматтар мен БАҚ өкілдері қатысты. Алқа жергілікті соттарда қорытынды берген мамандарды тыңдады. Әкімдіктен көлдердің ағымдағы жай-күйі туралы мәлімет сұралды. Тиісінше кассация істі қарап, апелляциялық соттың қаулысын күшінде қалдырды», - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.