Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қошқар ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды.
«Ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округі Қошқар ауылының аулаларына шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген Қусақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Н.Рақымжанова қол қойған шешімде.
Құжатта көрсетілгендей, бруцеллезге байланысты мына мекенжайлар бойынша шектеу қойылды:
- Сарыарқа көшесі, 1 үй;
- Жеңіс көшесі, 32 үй;
- Бейбітшілік көшесі, 11/2 үй;
- Бейбітшілік көшесі, 5 үй;
- Наурыз көшесі, 7 үй;
- Мәдениет көшесі, 12 үй;
- Наурыз көшесі, 20 үй;
- Жеңіс көшесі, 4 үй.
«Ветеринариялық-санитариялық сауықтыру және шектеу іс-шараларыҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілсін», - делінген құжатта.
Шешім 21 шілдеден бастап күшіне енді.