Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Францияда жаңа министрлер кабинеті жұмысын бастады

AstanaTV
23.07.2023ж. 09:03
697
Францияда жаңа министрлер кабинеті жұмысын бастады

Франция президенті Эммануэль Макронның шешімімен Франция Министрлер кабинетінің бір бөлігі ауысты. Оған бұған дейін де азаматтық қоғам өкілдерін жұмыстан шығарды деген айып тағылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Францияда жаңа министрлер кабинеті жұмысын бастады. Үкіметтің ауысатыны бір күн бұрын жарияланған еді. Дегенмен министрлер негізгі қызметтерін сақтап қалды. Олар: қаржы, ішкі істер, сыртқы істер, қорғаныс, әділет және еңбек министрліктерінің басшылары. Бұл туралы EuroNews жазды.

Сыншылар президент Эммануэль Макрон мен премьер-министр Элизабет Борнды азаматтық қоғам өкілдерінің барлығын дерлік қызметінен босатып, олардың орнына саяси құрылым өкілдерін қойды деп айыптады.

Үкіметке барлығы сегіз жаңа министр мен хатшы келді. Макрон алғашқы кездесуін өткізіп үлгерді. Кездесуде шілде айының басында полиция көлігін тінту кезінде 17 жастағы жасөспірім оққа ұшқаннан кейін елді шарпыған тәртіпсіздікке "жауап беру" қажет екені айтылды.

27 маусым күні таңертең полицейлер жолда тексеру кезінде 17 жастағы жасөспірімді атып өлтірген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол талапты орындаудан бас тартқан. Соның салдарынан бірқатар қалаларда тәртіпсіздіктер болды.