Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ыстықкөлде қаскөйлер баланы ұрлап, ата-анасынан 300 мың доллар талап еткен

AstanaTV
23.07.2023ж. 11:25
837
Ыстықкөлде қаскөйлер баланы ұрлап, ата-анасынан 300 мың доллар талап еткен

Қырғызстанда Ыстықкөл жағажайынан жасөспірімді ұрлап, ата-анасынан ол үшін 300 мың доллар төлеуді талап еткен. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

12 жасар баланы ұрлау туралы арыз 20 шілдеде Шу облысының тумасынан келіп түскен. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаның жағажайда сағат 8:30 шамасында болғанын айтты.

"Факт аудандық милиция ақпаратын есепке алу журналында тіркелді және жедел-іздестіру іс-шаралары бірден басталды. Сағат 21:00 шамасында бала Шу облысының аумағында табылды, содан кейін ол анасына берілді", — деп атап өтті полиция.