Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды

AstanaTV
23.07.2023ж. 12:59
1279
Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды

21 шілде күні елордадағы студенттік саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін өзі киімін шешіп, суға секірген.