Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты бейнекамераға түсіп қалды

AstanaTV
23.07.2023ж. 15:35
887
Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты бейнекамераға түсіп қалды

Талдықорғанда жантүршігерлік көлік апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кадрлардан бұрылыстан бірнеше скутердің шыққанын көруге болады.

Оның бірі жолды кесіп өтпек болғанда жеңіл көлікке соқтығысады. Оқиға Талдықорған қаласындағы Сланов пен Абылай хан көшелерінің қиылысында болды.

«13 жасар жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.