Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркістан облысында көлігіне жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жазаланды

AstanaTV
23.07.2023ж. 17:07
768
Түркістан облысында көлігіне жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жазаланды

Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Telegram-дағы парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба анықталды.

Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болғаны анықталды. Көлік иесі - Шымкент тұрғыны, жас жігіт.

Жас жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды.