Жапонияда өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлем чемпионаты 16-28 шілде аралығында Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатыр.
Биыл он алтыншы мәрте жалауын көтерген дүбірлі додада ұлттық құрама А тобында АҚШ-тан 5:18, Австралиядан 6:22, Грекиядан 2:18 есебімен жеңіліп, төртінші орынды місе тұтты.
Одан кейін 13-16 орындар үшін сайыста Қытайды 5:12 есебімен тізе бүктірді.
Енді олар 25 шілдеде 13-орын үшін Аргентина құрамасымен кездеседі.
Ел құрамасына биыл тоғызыншы мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары жетістігі - 1998, 2015, 2017 жылдарда алған 11 орын.
Сондай-ақ, су добынан әлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасы 15-орын үшін 24 шілдеде Аргентинамен шеберлік байқасады.
Олар В тобында Испаниядан 5:24, Нидерландтан 2:30, Израильдан 6:17 есебімен жеңілсе, жарыстың келесі сатысында Қытайға 8:16 есебімен жол берді.