$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жапонияда ер адам пойызда үш жолаушыны пышақтады

AstanaTV
23.07.2023ж. 21:46
1097
Жапонияда ер адам пойызда үш жолаушыны пышақтады

Бүгін Жапонияның батысындағы Осака қаласында пойызда ер адам үш жолаушыны пышақпен жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Қылмыскер дереу тұтқындалды, деп хабарлады жергілікті билік.

Станция қызметкері жедел көмек қызметіне хабарласып, пышақтау оқиғасы туралы жергілікті уақытпен таңғы 10:25 шамасында полицияға хабарлаған.

Болжам бойынша, оқиға пойыз жүріп бара жатқан кезде болған.

Үш адам зардап шекті. 20 жастағы ер адам, 70 жастағы жолаушы мен 20 жастағы пойыз жолсерігі ауруханаға жеткізілді.

Билік өкілдері ешқайсысында өміріне қауіп төнетіндей жарақат жоқ екенін мәлімдеді.

Полиция оқиға орнында Казуя Симидзу есімді ер адамды тұтқындады. Кейінірек ол пышақтағанын мойындады.

Полиция дерегі бойынша, 37 жастағы Симидзуді станцияда тұтқындаған кезде үш пышағы болған.

Осака префектурасындағы Идзумисано станциясы ірі сауда орталығы мен аурухананың жанында орналасқан.

Осыған ұқсас оқиға осы аптада Оңтүстік Корея астанасында да болды.

Сеулдің оңтүстік-батысындағы метро станциясы маңында пышақталған адамдардың бірі оқиға орнында мерт болды. Үш адам ауруханаға жатқызылды.