Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск брендтің логотипін өзгертетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ребрендинг жайында ол өз парақшасында хабарлады.
«Жақында Twitter брендімен және бірте-бірте бүкіл құстармен қоштасамыз», - деп жазды ол.
Желі иесі өз парақшасында жаңа логотиптің кейбір нұсқаларын ұсынды.
Илон Масктың айтуынша, құс X-пен алмастырылады. Өйткені бұл адамдардың мінсіз еместігін, кемшіліксіз жан болмайтынын білдіреді.
«Бұл бізді осындай бірегей етіп тұрған бүкіл кемшіліктерді көрсетеді», - дейді ол.