Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Тобыл» «Оқжетпестен» басым түсті

AstanaTV
24.07.2023ж. 08:04
897
«Тобыл» «Оқжетпестен» басым түсті

Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турды «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесу қорытындылады. Ойын барысында қостанайлық клуб 2:0 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде «Тобыл» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып, алғашқы төрттіктегі командаларға жақындай түсті.

Тағы бір кездесуде қарағандылық «Шахтер» Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен тізе бүктірді.