Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Барби фильмі алғашқы демалыста 155 миллион доллар жинады

AstanaTV
24.07.2023ж. 13:40
770
Барби фильмі алғашқы демалыста 155 миллион доллар жинады

"Барби" фильмі жылдың ең көп табыс тапқан дебюті болып тұр. Өткен демалыс күндері фильм 155 миллион доллар жинап, рекорд жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК-ның хабарлауынша, Warner Bros киностудиясының өкілі Джефф Голдштейн мұндай 155 миллион доллар табысты ешкім күтпегенін айтты.

Фильм 21 шілдеде жарық көрді. Барби режиссеры - Грета Гервиг. Фильмде басты рөлдерді Маргот Робби, Райан Гослинг, Хелен Миррен және Дуа Липа сомдайды.

Фильмнің сюжеті бойынша, басты кейіпкер өзінің жетілмегені және сұлулық канондарына сәйкес келмейтіні үшін Барбилендтен қуылады. Содан кейін Барбиге қарапайым адамдар әлемінде өмір сүруді үйренуге тура келеді.