Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Қарызсыз қоғам» жобасы қатысушыларымен кездесті

24.07.2023ж. 20:00
631
«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Қарызсыз қоғам» жобасы қатысушыларымен кездесті

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Атырау облысы Махамбет ауданы Алға ауылында қаржылық сауаттылыққа үйрететін «Қарызсыз қоғам» жобасы қатысушыларымен кездесті. Курсқа ауданның 500-ге тарта тұрғыны қатысқан.

Фатима ҚАРТАБАЙ, МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір бөлігін депозитке салу, бір бөлігін тамаққа, қыдыруға жұмсау. Ақша үнемдеуді бастысы үйрендік. Қалай жинауды үйретіп жатыр. Сосын ең басты мәседе сауатсыз халыққа алаяқтармен қалай алданбау керек соны үйретті.

Мұнда ауыл халқының табысын арттыруды мақсат еткен «Ауыл аманаты» жобасына қызығушылар да көбейіп келеді. Әсіресе, ет, сүт бағытын қолға алуда. Тұрғындар партия хатшысына құжат жинаудағы кедергілер туралы ашық айтты.

Орынбасар ФАЗЫЛИЕВ, МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кішкене бізде кедергілер болып тұр. Гарант жөнінде және жергілікті жерден мал алу кедергі болып тұр бізде. Сол мәселе бойынша сұрақтар болды қазіргі таңда. Бұйырса шешіледі деген ойдамыз. Барлық шағымдарымызды жеткіздік.

«AMANAT» партиясы ауылды дамытудың әлеуметтік экономикалық бағдарламасының әдістемесін дайындауды қолға алған. Оны іске асыру үшін партия жанынан жобалық офис құрылып, ауыл әкімдеріне жан-жақты көмек берілмек. Партия хатшысы ауыл әкімдерімен кездесіп, жұмыс барысындағы кездесетін проблемаларды тыңдады.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ХАТШЫСЫ:

Өздері айтып жатыр «Бюджеттік кодекс» бар, «Жер кодексі» бар, бағдарламалар бар, «Өзін-өзі басқару» заңы бар соған байланысты өзгерістер енгізу керек деп жатыр. Себебі осы жайттың бәрі олардың тиімді жұмыс жасауына кедергі болып отыр осы күнде. Біз оның бәрін түсіндік, білеміз бұрыннан да. Осының бәрін теріп, жинап жақын арада барлық мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасап, кемшіліктерді бәрін жоюға жұмыстанамыз. Ең негізгі мақсаттымыз - ауыл әкімдеріне тиімді жұмыс жасауына жол ашу.

Айта кетейік, елімізде 2400 селолық округ әкімінің 1800і «AMANAT» партиясының мүшесі.