Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Петропавлда 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

AstanaTV
25.07.2023ж. 10:46
751
Петропавлда 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, 14 жастағы қызды зорлау туралы арыз осы жылдың 4 мамырында Петропавл қаласының полиция басқармасына түскен.

Полиция қызметкерлері Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

"Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.