Үндістанда ашулы әйелдер тобы екі қызды зорлады деген күдіктінің үйін өртеп жіберді.
Штелдік басылымдардың жазуынша, полиция қызметкерлері «әйелдердің ашу-ызасын түсінетінін» айтқан.
Әйелдердің бұлай ашу-ызаға ерік беруіне жергілікті әлеуметтік желілерде тараған видео себеп болған.
Видеода жұрт алдында мәжбүрлі түрде жалаңаш тұрған бірі 19, екіншісі 21 жастағы екі қыз түсірілген. Олардың жанындағы ер адам өзгелерді өзінің құрбы қыздарын зорлауға итермелейді. Полицейлер дәл сол ер адамды зорлау ісі бойынша басты күдікті екенін мәлім еткен.
«Жергілікті әйелдер тас лақтырып, қыздарды зорлағандардың басты айыпталушысына тиесілі үйді өртеп жіберді», - делінген полиция хабарламасында.
Үндістанның премьер-министрі аталған оқиға бойынша қатаң шара қолдануға уәде берген соң бірнеше сағаттан кейін зорлау ісіне басты күдіктіқамауға алынды. Сонымен қатар бұл іс бойынша тағы 30 адам айыпталып отыр, қазір полицейлер оларды белсенді түрде іздеп жатыр.