Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ерке Есмаханның жетістікке жетуінің сыры неде? Белгілі психолог талдау жасады

AstanaTV
26.07.2023ж. 09:09
696
Ерке Есмаханның жетістікке жетуінің сыры неде? Белгілі психолог талдау жасады

Психолог Эльвира Ерғалина Ерке Есмаханның сұхбаттары, іс-әрекетіне сүйеніп, өнер иесіне психологиялық талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл талдауын маман YouTube-арнасындағы парақшасында бөлісті. 

"Еркеде бәрі бар: жас жігіттер, жас иіс, көп қаралым, ұзақ уақыт халық талқысынан түспейді, атақ, мүсіні әдемі, барлық бағдарламада бар, семірмейді. Жалпы Еркенің осынша уақыт ел талқысынан түспеуінің құпиясы неде? Оның жетістігінің құпиясы не?" - дейді ол. 

Психолог өнер иесін бірнеше пункт арқылы талдау жасады. 

Екі анасының да арманын орындады

"Егер берген сұхбатына сүйенетін болсақ, Ерке өте текті, үлкен әулеттің қызы, ерке қызы. Бауырлары бар, ата-анасы бар. Сау, бүтін отбасында өскен, кішкентайынан өнерге әкесі-анасы баулыған. Ерке сұхбат бере бастағанда анасының арманын орындағанын айтты. Академияны бітірген соң не істейтінін білмей, біраз уақыт күйзеліске түскенін айтады. Ол Алматыға анасының арманын қуып келгенде әрі қарай не істейтінін білмей қалған. Бұл көп адамда кездеседі, өйткені туғаннан бастап мектеп бар, университет бар, жүретін жолың айқын. Көп адам диплом алғаннан кейін Еркенің күйіне түсері сөзсіз, өйткені әрі қарай үлкен өмір күтіп тұр. Осы кезде әр адам өз мақсатына, арманына құлақ түрсе, ішкі энергиясы көбейеді, ал егер Ерке сияқты "не істеймін? Менен көп адам үміт күтті" деп ойланса, артқа қайтуы мүмкін", - дейді ол. 

Екі анасынан да сепарациялануы 

Психолог алғашқыда Еркеде қандай мәселе болғанын айтты.

"Ерке кішкентай жасынан түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған. Бұл кезде оның бойынан "үздік оқушы" синдромын байқауға болады. Бұл синдром көп адамға кедергі келтіреді, бала кезден өзгелерге ұнау, олардың бестігін алу үшін ыңғайлы болуға бейімдейді. Бұл "үздік оқушы", "жақсы қыз" синдромы жеке өмірде сәтсіздікке, ажырасуға, махаббатсыз некеге әкеледі. Мұндай қыздар ер адам оларға жақсы баға берсе, бұл махаббат деп ойлап қалуы мүмкін", - дейді ол. 

Ерке Есмахан бірінші күйеуімен 1 ай жүріп бас қосқанын айтты.

Психологтың айтуынша, Еркенің бірінші анасы өз анасы болса, екінші анасы - Баян Алагөзова. Еркенің сұхбаттарына сүйінсек, Ерке ұзақ уақыт продюсерінен кеткісі келмеген.

"Бәлкім қорқақтаған шығар, бәлкім ішкі тірегін қалыптастырып үлгермеген шығар. Алайда Ерке Баян Алагөзованың жеке өмірінде болған шулы оқиғадан кейін етек-жеңін жинап, тез арада қимылдауға көшті. Айналасындағы адамдардың дұрыс бағыт-бағдар берегені көрінеді. Баяғы сенімсіз, "жақсы Ерке" жоқ, қатайған, журналистер сұрағына нық жауап бере алатын Ерке көрінеді. Бұл сепарацияға танымы, көзқарасы әсер еткен шығар. Ол - оның жетістікке жетуінің алғышарты", - дейді психолог.

Психологтың айтуынша, жетістікке жету үшін ата-ананың алдында қарыз болу сенімінен шығып, олардан дұрыс сепарациялану (ажырау - еск.) керек.