Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Соңғы бес жылда 150-ден астам бала терезеден құлап, көз жұмды

26.07.2023ж. 20:00
835
Соңғы бес жылда 150-ден астам бала терезеден құлап, көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысындағы балабақшада бала терезеден құлады. Оқыс оқиға түс кезінде болған. Тәрбиеші құжаттарды басып шығару үшін топтан шығып кеткен. Бөлмеде оның көмекшісі қалған. Ол баланың ұйқыдан тұрып, әжетханаға шығып кеткенін байқамаған.

Ольга РОГОЖИНА, ШҚО АЛТАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Өз міндетін дұрыс атқармаған тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ал тәрбиешінің көмекшісіне қатаң сөгіс жарияланды.

Ал, Шымкентте 7 жастағы бала екінші қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға Әл-Фараби ауданы, Есіл көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Анасы ол кезде жуыну бөлмесінде болған.

Ирисмат МАХМУДОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ТЖ АЛДЫН АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Шымкентте жыл басынан бері терезеден құлау бойынша төрт жағдай тіркелген. Оның ішінде екі бала қайтыс болған, екі бала жарақат алды.

Ақмола облысында да осындай жағдай қайталанды. Үш жасар қыз төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Салдарынан баланың бас миы жарақаттанып, қабырғалары сынды. Қызылордада да баланы қараусыз қалдырған. Бір күннің ішінде екі бала терезеден құлады. Қазір бүлдіршіндер ауруханада жатыр. Елімізде мұндай жағдайдың жиілегені жасырын емес. Оған дәлел, соңғы бес жылда 150-ден астам бала терезен құлап, көз жұмған. Мамандар қауіпсіздікке аса мән беру қажеттігін ескертеді.

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері үйдегі жиһаздардың терезеге жақын орналасуы, балалардың өздігінен көтерілуіне ықпал етіп, маскит торларын пайдаланбау, терезелерді ашық қалдыру болып табылады.