Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Құранды өртеу әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санаймын", - Президент

26.07.2023ж. 20:00
822
"Құранды өртеу әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санаймын", - Президент

Құранды өртеу әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санаймын. Еуропа елдерінде Құран өртеу акцияларына қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп пікір білдірді. Бұл жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс екендігін айтты. БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасауы керек деп санайды.